Жанашыр боламын деп жаза басты
ҚР Мемлекеттік қызмет іс-тері жөніндегі агенттіктің Қостанай облысы бойынша тәр-тіптік кеңесі өз қызметтерін асыра пайдаланған және жемқорлық әрекеттерге жол берген бірнеше шенді-шекпендінің мәселесін қарады.
Мәселен, “Арқалық қалалық әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” ММ басшысы С.Алматованың үстінен қаржы полициясына құпия шағым түскен. Істі тексерген облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері бірқатар заң бұзушылықтарды әшкерелепті. Аталған департамент қызметкері Асқар Өткелбаевтың мәлімдегеніндей, қалалық мәдениет бөлімінің басшысы ауыл клубының мәдени шараларды ұйымдастырушы лауазымына өткізген байқауда ағаттыққа жол берген. Аталған байқауға екі өтініш келіп түсіпті. Бірақ, біреуінің кәсіби білімі бола тұра, мәдени ошаққа екінші бір, білімі жоқ адам өтіп кеткен.
Сандуғаш Алматова өзінің бұл ісіне қатысты тәртіптік кеңес мүшелерінің алдында былай деп жауап қатты:
– Біз жұмысқа қабылдаған Алпанова музыкалық аспаптарды тәуір меңгерген әрі ән айтады. Оның үстіне ол үшін-ші топтағы мүгедек. Отбасылы, баласы бар. Осыны ескере отырып, комиссия мүшелері бірауыздан Алпанованы ауыл мәдениет ошағына жұмысқа алуға ұсыныс жасады. Әрі-беріден соң, мүгедек жандарды жұмысқа орналас-тыру туралы Елбасының өзі айтып жүр, облыс әкімінің де тапсырмасы осындай. Мұны да қаперде ұстадық.
Дегенмен, заңның аты заң. Оны орындамау мүмкін емес. Әдетте, әр жұмыстың өз маманы болады. Ал, жұмысқа орналасқан әлгі азаматшаның ешқандай кәсіби білімі жоқ.
С.Алматованың айтуынша, Арқалық өңірінде жоғары білімді мамандар жетіспейді. Мәселен, қаланың аумағына кіретін 17 ауылдық округте бар болғаны бес-ақ білікті маман жұмыс істейді екен.
Рас, С.Алматова Торғай өңірінің мәдениеті мен өнерінің дамуына қомақты үлес қосқан жан. Ол туралы үнемі жақсы пікірлер естіледі. Алайда, мұның бәрі, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысын ақтай алмады. Тәртіптік кеңес мүшелері оны жұмыстан босату туралы ұсынысты бірауыздан мақұл-дады.
Әлібек
ЫБЫРАЙ
3 топтағы мүгедектен қанша пара алғанын айтқызу керек еді Алматоваға. Бұл оның былығының беті ғана, ары қарай қазса саси береді. Бұл келгелі Арқалық мәдениетіне жұт келді.