Жаңа жылдан бастап салқын су қымбаттамақ

Қостанайда жаңа жылдан бастап салқын суға тариф 14 пайызға  қымбаттайды. Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау ұлттық экономика Министрлігі Комитетінің департаментінде хабарлағандай, жаңа тариф Қостанай-Суда бекітілді. photo_109801Егер 2016 жылы салқын су тарифі 90,06 теңге/текше болса, 1-қаңтардан бастап 100,81 теңгеге көтеріледі.  Бюджеттік ұйымдар үшін тариф 21 пайызға дейін өседі, басқа санаттар үшін — 15 пайыз. Халық үшін тарифтер мөлшері 11 пайызға ұлғаяды.  Енді тұтынушылар 1 текшеметрге 86,13 және 72,35 теңге төлейтін болады.  
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓