Әлеуметтік саланы дамытпақ
ЕRG және Қостанай облысының әкімдігі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жөніндегі қарым-қатынастық келісімге келді. Маңызды құжатқа облыс әкімі Нұралы Садуақасов пен «Евразийская группа» ЖШС Басқарма төрағасы Алдияр Қазтаев қол қойды.
Биыл Еуразиялық топ облыстың әлеуметтік дамуы мен жетілдіруіне 800 млн.теңге бөлуге ниет білдіріп отыр.Жалпы, соңғы үш жылда компания облыстың дамуына 2,7 млрд.теңгеден астам қаражат жұмсады.
Меморандум аясында бірқатар экономикалық, әлеуметтік және мәдени жобаларды іске асыруға басымдық берілген.
Қаржыландыруды Еуразиялық топқа кіретін «ERG Көмек» Корпоротивтік қоры, «ССКӨБ» АҚ және «Қазақстан Алюминийі» АҚ жүзеге асырады. Ең маңызды инфрақұрылымдық жобалар- Рудныйдағы тұрғын үй құрылысы, кеншілер қаласына қарасты «Соколовская» сорғы стансасынан Васильевский буландырғышына дейінгі арадағы қысымды су құбырын жөндеу, қазандықты және жер телімін Арқалық жылу-энергетикалық компаниясының меншігіне беру, Октябрь ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу көзделген.
Қалыптасқан тәжірбиеге сәйкес, ERG дене шынықтыру мен спортты дамытуға белсенді үлес қосып келеді. Үстіміздегі жылы едәуір сома жергілікті спорт ұйымдарына көмек ретінде ұсынылады. Атап айтқанда, хоккей, волейбол, дзюдо, футбол тәрізді спорт түрлерін дамытуға бағытталмақ.
Бұдан басқа ДЦП ауруына шалдыққан балаларға бейімделуіне арналған жабдықтар, Рудный жедел-жәрдем стансасына санитарлық авокөлік және Рудныйдағы мамандандырылғанколледждер мен институт үшін қажетті оқу жабдықтары сатып алынады.
Екі жақты меморандумның қол қою рәсімне қатысқан ERG Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич соңғы он екі жыл бойы, Еуразиялық топ жыл сайын еліміздің төрт өңірінде ең маңызды делінген экономикалық-әлеуметтік жобаларды қаржыландырып келе жатқанын айтты.
-Біз Қостанай облысының дамуына өз үлесімізді қосқанымызды мақтаныш етеміз. Біздің ынтымақтастығымыз одан әрі дамып, облыс тұрғындарының өзекті мәселелерін шешуге және өңірдің гүлденуіне ықпал ететіндігіне сенімдіміз,-деді ол өз сөзінде.
Соңғы бес жылда Еуразиялық топ ұжымдық келісім-шарттар негізінде кәсіпорын қызметкерлерінің әлеуметтік төлемдеріне, әлеуметтік саланы қолдауға бағытталған төлемдерге, сондай-ақ, демеушілік пен қайырымдылық көмекке шамамен 99,1 млрд.теңге қаражат бөлген. Он бір жыл бойы Еуразиялық топ (ERG) жыл сайын компанияға қарасты кәсіпорындар жқмыс істейтін Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында елеулі экономикалық-әлеуметтік жобалар бойынша меморандум жасасты. Мұның алдында дәл осындай Меморандумға Ақтөбе және Павлодар облыстарының әкімдерімен бірлесіп қол қойылған болатын.
Айбек КӘДІРҰЛЫ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ