Тұрақтандыру қоры төмен баға ұсынды
Облыс орталығында тұрақтандыру қорынан арзан бағамен азық-түлік сатылады. Бұл туралы Қостанай қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.Әкімдіктің айтуынша, қараша айында қор есебінен біршама тауардың құны арзандап, сатылымға қойылған. Мәселен, картоптың келісі 90 теңге, жұмыртқа құны 210 теңге.
Картоп Қобыланды батыр көшесіндегі «Садовод» дүкенінде және Складской көшесі 10, Әл-Фараби көшесі 96 мекенжайында сатылады. Ал жұмыртқа «Норма» маркетінің Гоголь бойындағы және Маяковский 105/1, Карбышев 13А мекенжайындағы дүкендерінде, сондай-ақ, Гоголь 98 көшесіндегі «Бородинский» дүкендерінің сөресінен табуға болады.
Тұрғындар бұл бастаманың иглігін көре бастады. Зейнеткер Қырмызы Ғабидуллина қажетті таурады тиімді бағамен алғанына дән риза.
-Бүгін бірінші рет келіп отырмын. Алдын ала хабарлағандай баға төмен әрі тұрақты. Осылай жыл аяғына дейін жалғасса жақсы болар еді. Қазір осындағы таныстарыма, көрші маңайға хабарлауға асығып барамын. Басқа да тауарлар сатылымға шықса деген тілек бар,-дейді ол.
Алдағы уақытта тұрақтандыру қорының көмегімен бұл үрдістің жалғасуы ықтимал. Тауар саны да арта түспек. Бір ай бойы осы баға бақылауда болады. Бұдан бөлек, облыс орталығында бағаны тұрақтандыру мақсатында әр сенбі сайын ауылшаруашылық өнімдернің жәрмеңкесі ұйымдастырылып отырады. Халықтың көтерме сауда жасап, қысқа қамданып алуына тиімді шаралар қолға алынған.