Тағамдық қоспаларға қойылатын талаптар
Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі тағамдық қоспаларға, хош иістендіргіштерге, технологиялық қосалқы қоспаларға, тағамдық қоспалардың таңбалануына, өндірісіне, сәйкестендіруіне, аналамға шығарылуына ереже орнатып, “Тағамдық қоспалар, хош иістендіргіштер және технологиялық қосалқы қоспалар қауіпсіздігіне талаптар” 029/2012 Кеден одағының техникалық регламентін бекітті. Бұл техникалық регламент тағамдық қоспалардың таңбалануына, өндірісіне, сәйкестендіруіне, айналымға шығарылуына талаптар орнатады, тағамдық қоспа қауіпсіз болу үшін қандай шарттар сақталуы керектігін анықтайды.
Қазіргі заманғы тамақ өнеркәсібінде тамақ өнімдерінің сапасын арттырудың және тамақ өнімдерін өндірудің технологиялық процесін жетілдірудің түрлі тәсілдері іздестіріліп, қолданылуда. Осы мақсаттар үшін өндірістік практикада ең тиімді және жеңіл қолданылатын тағамдық қоспаларды пайдалану болып табылады. Тағам қоспалары шығарылатын тамақ өнімдеріне берілген сапалы көрсеткіштер беру мақсатында оларды өндіру процесінде тамақ өнімдеріне әдейі енгізілетін табиғи және синтетикалық заттар деп бөлеміз. Барлық тағамдық қоспалардың, әдетте, тағамдық маңызы жоқ және ең жақсы жағдайда олар биологиялық инертті, ең нашар жағдайда биологиялық белсенді және организм үшін немқұрайлы емес.
Ересек адамдардың, балалар мен қарттардың, жүкті және бала емізетін аналардың, қызметі қандай да бір кәсіби зияндылық жағдайында және басқа да көптеген жағдайларда өтетін адамдардың сезімталдығы мен реактивтілігінің әртүрлі деңгейін ескере отырып, жаппай тұтыну өнімдеріне енгізілетін тағамдық қоспалар проблемасы маңызды гигиеналық мәнге ие болады. Тағамдық қоспалар, хош иістендіргіштер және технологиялық қосалқы құралдар технологияны жетілдіру қажеттілігі болған, сондай-ақ тамақ өнімдерінің тұтынушылық қасиеттерін жақсарту, олардың жарамдылық мерзімдерін ұлғайту қажет болған жағдайда ғана қолданылуы тиіс, оларға өзге тәсілмен қол жеткізу мүмкін емес немесе экономикалық тұрғыдан ақталмаған. Тағамдық қоспалар өзінің мақсаты бойынша негізінен: тағамдық өнімнің сыртқы түрін және органолептикалық қасиеттерін арттыруға және жақсартуға бағытталуы мүмкін; аз уақыт сақтау процесінде тамақ өнімінің сапасын сақтауға; тамақ өнімдерін алу мерзімдерін қысқартуға (жетілу және басқалар).
Тағам қоспаларын қолдану экономикалық жағынан тиімді болса да, олар толық зиянсыз болған жағдайда ғана практикаға енгізілуі мүмкін. Зиянсыздық деп қандай да бір уытты көріністердің болмауын ғана емес, сондай-ақ канцерогендік және коканцерогендік қасиеттердің, сондай-ақ мутагендік, тератогендік және ұрпақтарының ұдайы өсуіне әсер ететін басқа да қасиеттердің алшақ салдарларының болмауын да түсіну керек. Тек жан-жақты зерттеуден және толық зиянсыздықты белгілегеннен кейін ғана тағамдық қоспалар Тамақ өнеркәсібінде пайдаланылуы мүмкін.
Осы техникалық регламентті қабылдаудың мақсаттары: адамның өмірі мен денсаулығын қорғау; сатып алушыларды (тұтынушыларды) жаңылыстыруға әкелетін іс-әрекеттердің алдын алу; қоршаған ортаны қорғау болып табылады.
Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында айналыстағы тағамдық қоспалар, хош иістендіргіштер және технологиялық қосалқы құралдар олардың қауіпсіздігін растайтын құжаттар туралы мәліметтермен және қадағалануын қамтамасыз ететін құжаттармен (тауарға ілеспе құжаттар), сондай-ақ өнімнің сақталу шарттары мен жарамдылық мерзімдері туралы ақпаратпен сүйемелденуге тиіс.
Жыл сайын сөрелерде 10 мыңға жуық жаңа өнім пайда болады. Және олардың әрқайсысы үшін тағамдық қоспалардың өз үйлесімі әзірленеді. Өнімнің құрамын зерттеу кезінде үрейленудің қажеті жоқ – сау болыңыз және ең жақсысын таңдаңыз. Тамақ қоспалары бар тамақ өнімдерінің заттаңбасында техникалық регламентке сәйкес ақпарат көрсетілуі тиіс екенін білу және есте сақтау қажет. Тамақ қоспалары туралы ақпарат-сатып алушының қолында қару.
Л.ДОМАНСКАЯ
Қостанай облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің
сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті
Техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің бас маманы