Баспанамен қамту басты назарда
Қостанай облысында соңғы 4 жылда 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынған. Бұл туралы облыс әкімі А.Мұхамбетов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімет берді.
Аймақ басшысының сөзінше, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету ерекше бақылауда.
"Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде соңғы 4 жылда (2016 – 2019 жылдар) 1 млн шаршы метрден астам (1 040,3 мың шаршы метр) тұрғын үй салынды, тұрғын үй құрылысына 100,0 млрд теңге (99,8 млрд. теңге) инвестиция тартылды. 10 мыңнан астам отбасы (10 546 шаршы метр) өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартты", – деді облыс әкімі. – Бүгінгі күні облыс орталығында «Әуежай», «Юбилейный», жәнге «Береке» жаңа шағын аудандары белсенді түрде салынуда. 2020 жылы көпқабатты үйлер мен жеке тұрғын үй құрылысын аралас сала отырып «Қонай» шағын ауданын игеру жоспарлануда".
Жыл басынан бері 281,6 мың шаршы метр тұрғын үй (оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысы – 95,9 мың шаршы метр) пайдалануға берілді, тұрғын үй құрылысына 24,8 млрд теңге инвестиция салынды (өткен жылғы кезеңге 84,7%). Жыл соңына дейін 330,0 мың шаршы метр тұрғын үй салынады, бұл өткен жылдың деңгейінен 10%-ке жоғары (2018 жылы 299,3 мың шаршы метр пайдалануға берілді).
Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй қорын құру мақсатында 2019 жылы 8 объектіні іске асыруға 3,1 млрд теңге бөлінді.
3 жыл ішінде жалпы ауданы 228,4 мың шаршы метр 43 кредиттік тұрғын үйдің құрылысына сомасы 20,7 млрд теңгенің облигациялық займдары шығарылды. Қостанай ауданының Заречный ауылындағы «Северный» шағын ауданының құрылысы аяқталып келеді. 37 га алаңға бірыңғай сәулеттік стильде 279 жеке тұрғын үй салынды.
"Сондай-ақ, тұрғын үйлердің жаппай құрылысы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының Қостанай филиалына соңғы 3 жылда депозиттік қоржынды 1,5 есеге, кредиттік қоржынды 2 есеге (17,2 млрд. теңгеден 32,9 млрд. теңгеге дейін) арттыруға мүмкіндік бергенін атап өту қажет. Жыл басынан бері 658 пәтер берілді, бұл республика бойынша 4-орын. Нәтижесінде халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі 21,8% құрайды", – деді облыс әкімі.