К.ШӘМШИДИНОВА БІЛІМ НЫСАНДАРЫНДА
Үкімет басшысының орынбасары Г.Әбдіқалықова бастаған жұмыс тобының құрамында өңірге Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова келді. Білім министрі «Жанұя» балалар орталығына бас сұқты.
Мұнда ата-ана қамқорлығынан айырылған 44 жетімек отбасылық үлгіде тәрбиеленіп жатыр. Оларға 18 педагог қамқорлық етеді. Министр орталық жұмысымен танысып, балғындармен, тәрбиеші-ұстаздармен әңгімелесті.



Білім министрі «Озат» мамандандырлған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатына барып, заманауи білім ошағының жұмысымен танысады. IT-лицей былтырғы оқу жылының басында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында ашылған. Қазіргі таңда мұндағы 7-8 және 11-сыныптарда жаратылыстану-математикалық пәндер бағыты бойынша 174 дарынды оқушы білім алып жатыр.
К.Шәмшидинованың өңірдегі жұмыс сапары ертең Әулиекөл ауданында жалғасады.