«Ауыл – Ел бесігі»: жетпіс жоба жоспарда

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз конференциясы өткізіп жатқан Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов «Ауыл – Ел бесігі» жобасына тоқталды. Аталмыш жоба оның шеңберінде 5 аудан орталығында (Әулиекөл, Боровское, Қарасу, Сарыкөл және Федоров ауылдары) сомасы 2,2 млрд. теңге болатын 74 жоба іске асырылуда.
Бұл әлеуметтік сала объектілерін (мектептер, мектеп жанындағы интернаттар, балабақшалар, қосымша білім беру ұйымдары, мәдениет үйлері, кітапханалар, стадиондар, аудандық ауруханалар) күрделі және ағымдағы жөндеу, сондай-ақ кентішілік жолдарды орташа жөндеу бойынша жобалар.

ауау
– Бұдан басқа, аталған елді мекендерде «Ауыл – Ел бесігі» қаражатынан басқа, өзге де мемлекеттік бағдарламалар есебінен 4 млрд. теңгеге жуық инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда. Бұл негізінен, ерекше бақылауда тұрған тұрғын үй құрылысы, ауылдарды газдандыру және сапалы ауызсумен қамтамасыз ету. Бүгінгі күні орталықтандырылған сумен жабдықтаумен облыстағы ауыл халқының 59,5%-і немесе 172 ауылдық елді мекен (31,4%) қамтылған. «Өңірлерді 2020 жылға дейінгі дамытудың»  мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2019 жылы 24 ауылдық сумен жабдықтау обьектілеріне 8,3 млрд. теңге жұмсалды. Бұл 6 ауылды (21,4 мың адам) сумен жабдықтауды жақсартуға мүмкіндік береді, оның ішінде 5,3 мың тұрғыны бар 4 ауыл бар, – деді аймақ басшысы.
Осы мақсаттарға 2020 жылы 14 жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 5,5 млрд. теңге көлемінде нысаналы трансферттер бөлу жоспарланған. Облыстық бюджет қаражатынан 3,6 млрд. теңге бөлу жоспарлануда, оның ішінде 20 ауылда су тарату бекеттерінің құрылысы бар.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓