Ауыл шаруашылығындағы ауқымды істер

Қостанай облысында ауыл шаруашылығы саласын ілгерілету бағытындағы жұмыстар жемісті жүзеге асып жатыр. Салаға қатысты мәліметтерді облыс әкімі А.Мұхамбетов БАҚ өкілдерімен өтіп жатқан брифингте тәптіштеп айтып берді.Без названия
Ауыл шаруашылығы Тобыл-Торғай өңірінің экономикасының екінші кезектегі негізгі бағыт болып саналады. Оның жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 11,2%-ға тең. Бұл салада облыс халқының 26%-ы жұмыс істейді. Қостанай дегенде еске бірден егін шаруашылығы түсетіні сөзсіз. Алайда биыл ауа райы қолайсыз, құрғақшылық болып, өнім көлемі айтарлықтай төмен болды. 190814191522417a3556469i
"Егін жинау жұмыстарының қорытындысы бойынша 3 млн тонна астық бастырылды. Жиналған астық көлемі шаруашылықтарға бірінші кезектегі қажеттіліктерді жабуға, мал қыстатуды жүргізуге, алдағы жылдың егіс жұмыстарына дайындалуға мүмкіндік береді. Бұл ретте тұқым толық көлемде қамбаға құйып алынды. Құрғақшылықтан зардап шеккен шаруашылықтарға мемлекеттік қолдау көрсетілді. «ҚазАгро» ұлттық басқару холддингі» акционерлік қоғамы қаржы институттары алдындағы міндеттемелерді 2020 жылдың желтоқсанына дейін ұзартуға мүмкіндік берді. Бұл – көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге алынған кредиттер, техника лизингі бойынша, мал шаруашылығын дамытудың салалық бағдарламалары бойынша төлемдер", – деді облыс әкімі.
Биыл бидай құнының өсуіне байланысты жергілікті бюджеттен әлеуметтік нанның бағасын тұрақтандыру үшін 300,0 млн. теңге бөлінді. «Асалия» ЖШС-нен құрғақшылық аймағына жатқызылған өңірлердің наубайханаларын 1-сұрыпты ұнмен үздіксіз қамтамасыз ету үшін 3,2 мың тонна ұн сатып алынған. Сондай-ақ, облыста 1 032 млн теңге сомасына азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қоры құрылған. images (2)"Бүгінде ауыл шаруашлығы құрылымдарымен "Сыбаға" бағдарламасы бойынша 703 бас ІҚМ, 6249 бас ұсақ мал, 5 мыңнан астам бас асыл тұқымды мал сатып алынды. Мал шаруашылығын дамытуға "Еңбек" бағдарламасы ықпал етуде. Оны іске асыруға ауылдық жерлерде 3 млрд теңге бөлінді. Ауыл шаруашылығы жануарларын өсіру бойынша 417 жұмыс орны ашылды. Осы бағдарлама шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларын өсіруге маманданған 300 стартап жоба құрылды", – деп деректерді жіпке тізді аймақ басшысы.holding-kopiya
Жалпы, жүзеге асырылып жатқан және жоспарға алынған жобалардың қатары көп. Мәселен, ауыл шаруашылығы саласында Арқалық қаласында қуаты 7,5 мың бас мал шаруашылығы кешенінің құрылысы жүргізілуде, ол 5 мың басқа арналған бордақылау алаңынан және 2,5 мың басқа арналған асыл тұқымды репродуктордан тұрады. Жоба құны – 6 млрд теңге. Бұл бордақылау алаңы өткен жылы іске қосылған «Торғай ЕТ» ЖШС-нің ет өңдеу кешенін жылына 3 000 тонна шикізатпен қамтамасыз ететін болады.     2018-12-Kazakhstan-meatprocessing-plant          Облыс әкімі мәлім еткендей, саланы цифрландыруға және инновациялық технологияларды енгізуге баса назар бөлінуде.  Нақтылай айтқанда, егістіктің 100%, жайылымдардың 83%, шабындықтардың 95%-і толық цифрландыру аяқталған. Ол 2022 жылға дейін облыста нақты егіншілік бойынша 192 озық және 16 цифрлық  ферма, мал шаруашылығында 156 озық ферма және 17 смарт-ферма болатынын айта өтті.
 
Суреттер интернеттен алынды

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓