Халықаралық жоба бастау алды
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалының директоры Марионелла Слесарь «Педагогтердің цифрлық құзырлылығын дамыту» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындары мен колледждердің 3-4 курс студенттері мен педагогтердің цифрлық сауаттылығын арттыру жөніндегі ауқымды жоба іске асырылғанын хабарлады. Курсты еліміздің 40 мыңнан астам мұғалімі асинхронды режимде оқыды.
-Бағдарламаның мақсаты – цифрландыру жағдайында оқу процесін басқару дағдыларын өзектендіру, оқу процесінде АКТ қолдану үшін педагогтердің цифрлық құзыреттіліктерін дамыту. Қазан айында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Британ кеңесімен бірлесе отырып, ағылшын тілі мұғалімдерін үздіксіз кәсіби дамыту жөніндегі жаңа пилоттық жобаны іске асыра бастады. Бұл жобаның ұзақтығы –қазан айынан бастап 2022 жылдың наурызына дейін. Осы кезең аралығында 2000 ағылшын тілі мұғалімін тегін оқыту жоспарланған, – дейді Марионелла Слесарь.
Он апталық бағдарлама BritishCouncilOnlineTeacherCommunity онлайн платформасында ағылшын тілі мұғалімдері үшін үздіксіз кәсіби дамуды көздейді.
Бүгінгі күні жобаға қатысушы мұғалімдер іріктеуден өтті: 10 күн ішінде Британдық кеңес грамматика, лексика, оқу және тыңдау дағдыларын бағалайтын «EnglishScore» онлайн тестінің көмегімен ағылшын тілін меңгеру деңгейін тексерді. Жобаға қатысуға В1, В2, С1 деңгейін көрсеткен педагогтар ғана жіберілді.
«Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалының директоры Марионелла Слесарьдің айтуынша, тестілеуге Қостанай облысынан 59 ағылшын тілі мұғалімі қатысқан. Оның 47-і шекті деңгейді жинаған. Бірінші лекте оқытудан 23 педагог және екінші лекте 24 ағылшын тілі пәнінің мұғалімі өтетін болады. Барлығы 1 мезетте 40 адамнан тұратын 20 топ құрылды, әрбір топтың жұмысын жоба басталар алдында оқыту тренингтерінен өткен Өрлеу жобасының тренирлері үйлестіреді.
Оқыту Британдық бапкерлермен және фасилитаторлармен апта сайынғы кездесулермен асинхронды түрде өтеді.
-Осындай ауқымды халықаралық жобаға қатысу біздің ағылшын тілі мұғалімдеріне үлкен мүмкіндіктер ашады. Бұл баға жетпес тәжірибе, өйткені педагогтар алты ай ішінде ағылшын тілін оқытудың тиімді заманауи әдістемелері мен технологияларын оқып, оларды өз сабақтарында пайдаланатын, өз тәжірибесімен қазақстандық және халықаралық мектептердегі әріптестерімен бөлісетін болады. Біздің педагогтеріміз үшін мұндай мүмкіндік кәсіби дамудың жаңа деңгейіне шығуға көмектеседі деп үміттенеміз, – дейді «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалының директоры.
Ұйым жетекшісі мен ұжымның қолдауынсыз мұғалімге оңай емес. Өйткені оқытудың барлық дағдылары тәжірибеде қолдануды қажет етеді. Пікірлестін адамдар керек. Олар өз ойларын жеткізіп қана қоймай, пайдалы кәсіби кеңестерімен бөліседі. Баспасөз мәжілісінде жоба қатысушысы Денисов ауданының Перелеска жалпы білім беретін мектебінің директоры Наталья Тулендинова бұл жобаның таптырмас мүмкіндік екенін жеткізді.
Айта кету керек, бұл халықаралық жоба Армения, Әзірбайжан, Грузия, Украина және Өзбекстанда жүзеге асырылып жатыр.