Машина жасау қарқын алды

Қостанай облысында машина құрастыру 10 айда 2 есеге өскен. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Нұр-Сұлтан қаласында БАҚ өкілдерімен өткізіп жатқан баспасөз мәслихатында баяндап берді.2b215c6b361ee53b60526a19a5500083
Оның айтуынша, автомобиль құрастыру жақсы қарқынмен дамып келеді. "СарыарқаАвтоПром" ЖШС есептік кезеңде 19,6 мың автокөлік құрастырған, бұл тұтастай 2018 жылғыдан 1,6 есе көп. 
"Кәсіпорынның осы жылы 25 мың автокөлік құрастыру жоспары бар. Бұл ретте, қазіргі уақытта қытайдың СМС және JAC  компанияларының "Аллюр" компаниясы тобы капиталына кіру жөніндегі мәмілесі аяқталып келеді. Таяудағы 10 жылда инвесторлар саланы дамытуға кезең-кезеңімен 1,1 млрд АҚШ долларын құюды жоспарлап отыр. Өндіріс көлемдерін жылына 80-100 мың автомобильге дейін ұлғайту, сондай-ақ жергіліктендіру деңгейін көтеру және автомобильдердің модельдік қатарын кеңейту күтілуде. Модельдік қатарын кеңейтумен қатар, автомобильдерді экспорттық жеткізу көлемдері де ұлғайып келеді  (Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Белоруссия). Егер 2018 жылы барлығы 291 автомобиль экспортталған болса, ал өткен 10 айда 1 886 бірлік тысқа тасымалданған", – деді аймақ басшысы.20190605183744
Биыл мамырда «Lovol» маркалы тракторлар өндірісі, 23 қазанда  Қостанайдағы Индустриялық аймақта қуаты мол  «Кировец»  тракторларының өндірісі іске қосылды. Соның арқасында барлығы 1000 жұмыс орны ашылған.  images (1)Айта кетейік, алаңы 400 гектарлық Индустриялық аймақ облысқа инвестициялар тарту нүктесіне айналып отыр. Бүгінде оның аумағында пайдалануға берілген «Беларус» (2018 жылы) және «Кировец» (2019 жылы) тракторлары өндірісі зауыттарында қосынды сомасы 400,0 млрд теңгеден асатын 15 жобамен жұмыс жүргізіліп жатыр. «АгромашХолдинг KZ» акционерлік қоғамы  «КамАЗ» компаниясымен өнеркәсіптік кооперацияда іске асыратын автокомпоненттер өндірісі жөніндегі жобалар белсенді сатысында тұр. Облыс әкімі Индустриялық аймақтағы осы және қолға алынған өзге де жобалар туралы мағлұмат берді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓