Тәртіп сақшыларына – темір тұлпар

Ұзынкөл аудан орталығында №1 учаскелік полиция пункті күрделі жөндеуден кейін жұмысын бастады. Жергілікті атқарушы биліктің қолдауымен Троебрат ауылының учаскелік полиция қызметкеріне жаңа JAC қызметтік автокөлігі табысталды. Әкімшілік ғимараттың салтанатты ашылуы Ұзынкөл ауданының әкімі Мұрат Сандыбаевтың, аудан прокуроры, әділет кеңесшісі Мейрам Күзбаевтың қатысуымен өтті.
-Осы жылдың ақпан айында Ұзынкөл ауданында полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Бекет Аймағамбетов жұмыс сапарымен болды. Ол аудандық полиция бөлімінің қызметімен танысып, проблемалық мәселелерді сұрады. Олардың бірі учаскелік полиция пункттерін жөндеу, учаскелік полиция пункттерін материалдық-техникалық жабдықтауды жақсарту болды. Ұзынкөл ауданы әкімдігінің қолдауымен бүгінгі күні барлық 9 учаскелік полиция пунктінің жөндеу жұмыстары аяқталды, – деп атап өтті полиция бөлімінің бастығы, полковник Мақсұт Ералиев.
Аталған учаскелік полиция үш елді мекенге қызмет көрсетеді, олар қамтитын халық саны 7 мыңнан асады. Троебрат ауылының учаскелік инспекторы Арман Райымбеков жаңа автокөлік жұмысты жеделдетуге мүмкіндік беретініне сенімді.
– Біздің өңір СҚО және Ресеймен шекаралас ауыл. Елді мекендер арасы 25 шақырымдай. Мен тұрғындарының жалпы саны 3 мыңнан асатын үш ауылға қызмет көрсетемін,  Қызметтік JAC өзін сенімді автомобиль ретінде көрсетеріне күмән жоқ, – дейді А.Райымбеков.
Айта кету керек, аудан әкімдігі биыл 9 учаскелік полиция пунктін жөндеуге қаражат бөлген.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓