Аймақ басшысы астанада есеп беруде
Қостанай облысы әкімі Архимед Мұхамбетов Нұр-Сұлтан қаласында БАҚ өкілдерімен брифинг өткізіп жатыр. Аймақ басшысы мұнда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 10 айдағы қорытындысы туралы мәлімет беруде.
Архимед Бегежанұлы баяндамасын облыстағы макроэкономикалық көрсеткіштерден бастады. Өнеркәсіп өсімі, сыртқы сауда айналымы, ауыл шаруашылығы, индустрияланлыру бағытындағы табыстарға тоқталды.
"Өнеркәсіп өсімі – 15,3%, құрылыс жұмыстары – 3,5%, тұрғын үйлерді пайдалануға беру – 15,9%, бөлшек сауда 3,6%-ға артты. Сыртқа сауда айналымы 1,9 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайды. Оның ішінде экспорт сомасы 866 млн долларға жетіп отыр. Өңір экономикасына 226,4 млрд теңге тартылды, өсімі –3,9%, бұл ретте, сыртқы инвестициялар түсімі 10,7% ұлғайды, – деп жетістіктерге нақтылай тоқталды А.Мұхамбетов.
Аймақ басшысы экономиканың басқа салаларының ілгерілеуі арқылы егін шаруашылығындағы төмен өнімділіктің орны толығатын айтты. Мәселен, облыста индустрияландыру бағдарламасы жемісті жүзеге асып жатыр.
"10 айдың қорытындысы бойынша, облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары 978,4 млрд теңгенің өнімдерін өндірді, ал тұтас 2018 жылдың ішінде оның көлемі 883,4 млрд теңге болған еді. Жыл қорытындысы бойынша, облыста өнеркәсіптік өндірісінің көлемі бірінші рет 1 трлн теңгеден асты. Мұның сыртында, өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі өңдеу секторының үлесі соңғы 4 жылда 50,0%-тен асады. Бағдарламаны іске асыра бастағаннан бері Индустрияландыру картасы бойынша 152,3 млрд теңгенің 91 жобасы пайдалануға беріліп, 5,6 мың тұрақты жұмыс орны ашылды", – деп баяндады облыс әкімі.
Аймақ басшысының мәліметінше, алдағы уақытта, яғни 2019-2025 жылдары инвестициялар тарту мақсатында 5,5 мың жұмыс орнын ашатын, 2,3 трлн теңге тұратын 40 инвестициялық жобаны іске асыру пысықталу үстінде.