Мемлекеттік тіл мәртебеге ие

Бүгін «Достық үйінде» тіл жанашырларының қатысуымен «Мемлекеттік тіл – қоғам бірлігінің және мемлекеттікті біріктірудің басты факторы» атты дөңгелек  үстелі болып өтті.
Осындай тақырыпты арқау еткен бұл отырыста облыстағы қазақ тілінің деңгейін арттыру, қазақ тіліндегі әрбір жарнамалар мен маңдайшаларды дұрыс жазу, өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді үйренудегі талпыныстары сөз етілді.QEbILnYbWXwӘуелі сөз кезегін Қостанай облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Жанболат Үмбетов алып, жиналғандарға өңірдегі мемлекеттік тілдің хал-ахуалы туралы айтып өтті.
Сондай-ақ, Рудный қаласы тілдерді оқыту орталығының директоры Жанна Джамбуршина кеншілер шаһарындағы атқарылған шараларды атап өтті.b8HSwkU8ev4Бүгінде аймақта тілдерді оқытатын 18 орталық жұмыс істейді. Облыста бас-аяғы 100-ге жуық ұлт пен ұлыс тұрады. Осы жерде айта кетер бір жайт, өзге ұлт өкілдерінің арасынан қазақ тілін ана тіліндей жетік біліп, осы тілде еркін сөйлейтіндер жетерлік.
Осы күнге дейін облыста 12 мыңға жуық адам қазақ, ал 1322 азамат ағылшын тілдерінде оқыған. Отырыста «Тілдарын» клубының белсендісі Ольга Тихова қазақ тілінде баяндама жасады.
Сонымен қатар, «Жас Отан» жастар қанатының координаторы Нұрсұлу Назымова қоғамдық ұйымдарда, көшелердегі билбордтар мен маңдайшалардағы қазақ тілді жазбалардың заңнамаға сәйкес сақталуына тоқталды.XK8nkK1uAr4Республикалық байқаулардың жеңімпазы, «Тілдарын» клубының ең алғашқы мүшелерінің бірі Алла Платонова «Қазақтың нанын жеп, суын ішіп, елінде тұрып, жерін басып жүрген әрбір азамат осы елдің тілінде сөйлеуге міндетті» деп, өз ойын білдірді.
Осынау дөңгелек үстелде мемлекеттік тілді насихаттауға және қолдану аясын кеңейтуге үлес қосқан бірнеше азаматтар мен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 25 жыл!» атты шығарма байқауының жеңімпаздарына мақтау қағаздары мен кітаптар табыс етілді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓