Қаладан ұзап кетпеңіз!

Бүгін қатты аязға байланысты дизельдік көліктер үшін облыс көлеміндегі тас жолдар жабылып, мектептерде сабақ беру тоқтатылды. Қазірдің өзінде ауруханаларға үсік шалған науқастар келіп түсуде.
OLYMPUS DIGITAL CAMERA

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Таңертең облыс орталығында ауа температурасы -38 градусты көрсеткен. Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлімдегендей, ауа райының қолайсыздығы салдарынан дизельдік жанармай қолданатын көліктер үшін облыстық және республикалық жолдар жабылды. Қалған тұрғындарға қатты қажеттілік болмаса, қаладан шықпауға кеңес берілді. Қостанай облыстық білім беру бөлімі мектептегі сабақтардың барлығын тоқтату туралы хабарлама таратты. Қалалық аурухананың травматологиялық пунктіне үсік шалған екі адам келіп түсті. Травматологиялық бөлімнің меңгерушісі Марал Әбілқасымованың айтуынша, зардап шеккендер алкогольдік ішімдік пайдаланған, 2-3 дәрежедегі үсік шалды деген диагноз қойылды.
 
Қазақпарат

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓