Үздік кондитер – қостанайлық студент
Қостанайлық жас кондитер Жанар Мырзахметова Қытайдың Шанхай қаласында өтетін Worldskills халықаралық байқауында Қазақстанның намысын қорғайды. Ол мұндай мәртебеге аталмыш чемпионаттың республикалық кезеңінде жеңіске жету арқылы ие болды.
Осымен 5-ші рет өткен Worldskills Kazakhstan 2019 чемпионатында "Кондитер ісі" аталымы бойынша 15 үміткер бақ сынасқан. Қостанайлық студент Жанар қарсыластарынан шеберлік асырды. Тынымсыз дайындық пен талассыз дарынының арқасында халықаралық чемпионатқа жолдама алып отыр.




Айта кетейік, Жанар Мырзахметова А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ студенті.