Президент жаңа Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды, – деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. "Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады", – делінген Жарлықта.
Енді Министрлер, облыстардың, қалалар мен аудандардың әкімдері, сондай-ақ олардың орынбасарлары соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен кейін немесе сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған тікелей бағынышты адамдарға қатысты ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін 10 күнтізбелік күн ішінде отставкаға өтініш беруге міндетті.
Заңға сәйкес тікелей бағынышты адамдар деп:
• облыс әкімі үшін – оның орынбасарлары, аппарат басшысы, қалалар мен аудандар әкімдері;
• облыс әкімінің орынбасары жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын өзі жетекшілік ететін атқарушы органдардың басшылары үшін жауапты болады;
• қала/аудан әкімі өз орынбасарларына, аппарат басшысына, жетекшілік ететін қалалық/аудандық атқарушы органдардың басшыларына, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне жауапты.