Көп балалы аналар қуанышы
ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев бастамашы болған «Әлеуметтік қамқорлық» шарасын іске асыру аясында қала әкімі Қайрат Ахметов көп балалы отбасыларға 30 пәтердің кілтін табыстады.
"Nur Otan" партиясының XVIIII съезінде айтылған "Әлеуметтік қамсыздандыру" атты әлеуметтік шаралар кешенін орындау мақсатында жыл басынан бері халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың мамыр айында жалға берілетін тұрғын үй бағыты бойынша алғашқы қоныстанушыларға "Көп балалы отбасы" санаты бойынша 18 пәтер берілді. Алдағы уақытта да осындай бастамалардың куәсі болып әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын отбасыларды тұрғын үймен көбірек қамтамыз ететін боламыз", – деді қала әкімі Қайрат Ахметов.
Салтанатты шарада алты баланың анасы қамқорлық көрсетіп отырған билік өкілдеріне аналық алғысын жеткізді.
"Бізге және балаларымызға қамқорлық жасаған Үкіметке, Елбасына рахмет! Барлығына бейбіт өмір тілеймін. Балалар аман болсын", – деді Анаргүл Бекжанова.Биыл 80 көп балалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Жыл соңына дейін тағы 15 отбасы "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша пәтер алатын болады. Шара соңында барлық қоныстанушылармен коммуналдық қызмет өкілдері шарт жасасты.
Әсел ҚИБАШ