Салық түсімдеріне қатысты мәселелер
Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің IV деңгейінің салық түсімдерін қамтамасыз ету мәселелері туралы мәліметтерді назарларыңызға ұсынамыз."Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 11.07.17 жылғы №90-VI Заңымен жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін кезең-кезеңмен енгізу қарастырылған.
Халық саны 2 000 және одан да көп адам болатын әкімшілік-аумақтық бірліктерде бюджетті жоспарлау және атқару жөніндегі дербес жұмыс 2018 жылдан бастап, қалғандарына 2020 жылдан бастап жүргізіледі.
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап халқының саны 2 000 және одан да көп адам болатын аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне салықтың мынадай түрлері, сондай-ақ сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем:
– аудандықмаңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында тіркелген жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынбайтын табыстары бойынша жеке табыс салығы;
– мүлкі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында орналасқан жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
– жер учаскесі аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылда орналасқан жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елді мекендер жерлеріне салынатын жер салығы;
– аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылда тіркелген жеке және заңды тұлғалардан алынатын, көлік құралдарына салынатын салық;
Көрсетілген салық түрлері мен төлем 2020 жылдан бастап халқының саны 2 000 және одан кем адам болатын әкімшілік-аумақтық бірліктердің ауылдық бюджеттеріне есептеуге жатады.
Осығанбайланысты, 2020 жылданбастаптөлемдерЖергіліктіөзін-өзі басқару бюджетіне түсетін объектілер мен салық төлеушілердің назарына мәлімет үшін салықтардың осы түрлерін есептеу кезінде аудандық маңызы бар қалалар, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппаратының БСН-ін салық есептілігінде көрсету қажеттілігі туралы жеткіземіз.
Аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылда орналасқан объектілері бар салық төлеушілердің 2020 жылдан бастап 2 000 және одан да аз халқы бар салық және төлемдерді төлеуі жергілікті өзін-өзі басқару бюджетіне жүргізіледі.
Қостанай облысы бойынша МКД