Жаңарудың жаңа жолында (БЕЙНЕ)
Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» халыққа Жолдауында баса назар аударатын басым бағыттың бірі – жемқорлықпен күрес және оның алдын жолдары. Әрине, мемлекет пен қоғам жаһандық мақсаттарға қол жеткізу жолында сан түрлі кедергілерге шалдығуы мүмкін екені аян. Даму мен гүлдену қатарында қауіпті саналатыны, саяси-экономикалық тұрақтылыққа кедергі келтіретіні де – сыбайлас жемқорлық. Қоғам дертін жоюдың түрлі жолдары бар әрі Қазақстанда бұл кеселдің алдын алуға бағытталған арнайы заң қабылданды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған Стратегия бар. Енді оны тек бірлесіп жүзеге асыру – барша қазақстандықтың ортақ мұраты.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Жаңару» жалпыұлттық қозғалысы өкілдерінің Қостанайға арнайы жұмыс сапарымен келіп өткізген конгресінде парақорлықтың жолын кесу мен осы бағыттағы мемлекет жүргізіп отырған саясатты қолдауға арналды. Мемлекет және қоғам қайраткері, «Жаңару» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Оралбай Әбдікәрімов бастаған делегация құрамына республикалық қоғамдық кеңес, министрліктер мен жергілікті билік өкілдері, ғалымдар, БАҚ өкілдері қатысып отыр. Құрылғанына бес жылға жуықтаған қозғалыстың мұндай ауқымды жиыны облыстар арасында алғашқы болып Тобыл жерінде өткізілуін айта кетейік.
Толығырақ алдағы газет беттерінде.
Қыдырбек Қиысханұлы,
Суреттерді түсірген БағдатАхметбеков.