“Маскүнем”: тәртіп бұзғандар тұтылды
"Маскүнем" алдын алу іс-шарасы аясында алкогольдік ішімдік сатуға рұқсатнамасы жоқ тұлғаларға өткізілген. Барлық анықталған деректер бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды, – деп хабарлайды облыстық департаменттің баспасөз қызметі. Мұнымен қоса, облыстың 57 тұрғыны ҚР алкоголь өнімдерін өткізу бойынша заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жазаға тартылды.
"Тәртіп сақшылары мас күйінде қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік тұтынудың 364 дерегін анықтады. Полицейлер 600-ден астам әкімшілік құқықбұзушылықты тәркіледі. 6944 үй-жай тексерістен өтті. Оның 698-і – жалдамалы пәтер. 6 мыңнан астам тіркеудегі азамат тексерістен өтті. Оның 2 мыңы ішімдікке салынған жан болса, 821-і – пробация қызметінде тұрған жандар. ІІБ тіркеуіне қосымша 320 азамат алынды", – делінеді хабарламада.