Танысына пышақ салған
Қостанай облысы Сарыкөл ауылында 39 жастағы ер адам пышақ жарақатынан қайтыс болған, – деп хабарлайды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі. Сарыкөл ПБ кезекші бөліміне 33 жастағы әйел қоңырау шалып, Сарыкөл ауылындағы Набережная көшесінің бойындағы үйлердің бірінде ер адамның мәйіті жатқанын айтқан.
"Полицейлер оқиға орнына келгенде Сарыкөл ауылының 41 жастағы тұрғыны өз үйінде танысымен спирттік ішімдік ішіп отырып, кенеттен шыққан жанжал салдарынан жанында отырған адамның кеуде тұсына пышақ ұрғанын анықтаған. 39 жастағы ер адам оқиға орнында қаза тапқан", – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр.