Президенттік жастар кадр резерві: іріктеу жалғасуда
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құзыреттерді бағалау орталығының басшысы Динара Дәуренбекова қатысуымен Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу мәселелері бойынша баспасөз конференциясы өтті. Анар Жаилғанова өз сөзінде Елбасының ел болашағы, жас буын өкілдеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, қоғам өміріндегі белсенділігін арттыруды әрқашан басты назарда ұстайтынын атап өтті.
– 2019 жылдың Жастар жылы болып жариялануы – осының тағы бір дәлелі. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы айтып өткендей, жастар Қазақстанның даму жолында шешуші рөлді атқарады. Прогрестің қозғаушы күші де біздің жастарымыз. Мемлекеттік қызметке заманауи ойлайтын, құзіретті, қазіргі заманғы трендтерді білетін жастарды тарту мақсатында Агенттік тарапынан Президенттік жастар кадр резервін жасақтау жалғасуда. Өздеріңіз байқап жүргендей іріктеу процессі толығымен ашық түрде жүргізілуде. Іріктеудің басым бөлігі онлайн режимде өтті. Мұндағы ең басты мақсат – қатысушыларға ыңғайлылық жасау және қоғамға қолжетімді болу. Аталған жобаны жүргізу үшін арнайы онлайн-платформа әзірленгендігін жақсы білесіздер, – деді Анар Жаилғанова .
Қазіргі уақытта іріктеудің алғашқы төрт кезеңі өз мәресіне жетті. Өз кезегінде қатысушылардың пікірі бойынша іріктеудің үшінші кезеңі өте қызықты өтті. Бұл кезеңде үміткерлер өздерінің жобаларын қорғады, эссе жазды және құзіреттерін бағалаудан өтті.
Тестілеуді верификациялаудан кейін «Әлеуетті бағалау» кезеңіне 549 адам жіберілді.
«Әлеуетті бағалау» – Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу кезеңдерінің ең маңызды кезеңі екенін атап өту керек. 100 ең жоғары мүмкін балдан оның үлесіне 60 бал келеді (жобаны таныстыру – 9%, эссе – 15%, құзыреттілікті бағалау – 36%).
Осы кезеңде қатысушылар міндетті түрде pkrezerv.kz автоматтандырылған жүйесінде бейне және аудиофиксация арқылы қашықтықтан эссе жазып, өз презентацияларын ұсынды, одан кейін Нұр-Сұлтан қаласында өз құзыреттіліктерін бағалаудан өтті.
Эссе мен жеке жобалық жұмыстарды академиялық ортаның өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер және кәсіби қоғамдық бірлестіктер мен зерттеу мекемелерінің өкілдері бағалағанын атап өтемін.
Ассессментте бағалауды халықаралық сертификациясы бар, тиісті оқудан және дайындықтан өткен асессорлар жүргізді. Барлық процесті SHL компаниясының тәжірибелі супервайзерлері сүйемелдеді. Барлық нәтижелер бағалаушылар мен қоса супервайзерлермен де талданды.
Күні кеше ғана «Әлеуетті бағалау» кезеңін қорытындысы шықты. Өткен кезеңнің нәтижелері бойынша келесі кезеңге «Сарапшылық комиссиясында әңгімелесуге» 400 қатысушы жіберілді. Келесі кезеңге өткен қатысушылардың толық тізімі Pkrezerv.kz сайтында жарияланған.

Облыстан резерв тізіміне 6 адам өткен болатын. Олардың айтуынша, бұл – жастардың талғамын арттыруға берілген үлкен мүмкіндік.
Мен Президенттік Жастар кадрлық резервіне іріктеудің қатысушысымын. Осы іріктеудің өзі еліміздің патриоттары мен оның жастары үшін Қазақстанның дамуына қомақты үлес қосуға нақты мүмкіндік. Расын айтсақ, елдің болашағы, біздің балаларымыздың алдағы өмірі өзімізге байланысты. Осы байқау арқылы біздің жас республикамыздың дамуына зор үлес қоса алатын лайықты жандарды көреміз деп ойлаймын.
Алмат Досмұхамедов:
ҚР Президентінің бастамасымен бәсекеге қабілетті және креативті жастарға барынша қолдау көрсету үшін елімізде бірінші рет "Президенттік жастар кадр резерві" жобасы бастау алған болатын. Барлық салаларда жастар мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдауды сезінуде. Президенттік жастар кадр резерві еліміздің жоғарғы саяси лауазымдарына дарынды жас буынның келуіне жол ашады. «Жастар жылы» аясында білімді әрі дарынды жастарымызға берілген айрықша мүмкіндік, нақты қолдау. Іріктеу нәтижесінде жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығатын жастардың жаңа буыны елімізді жасампаздыққа жетелейтіні анық. Келесі кезеңге өткен жастарға сәттілік тілеймін.
Арман Хасенов:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты сайлауалды бағдарламасында Президенттік жастар кадрлық резервін қалыптастыру мәселесі көтерілген болатын. Бұл бастамадан кейін «Президенттік кадрлық резерв» деп аталған мемлекеттік жоба жүзеге асырылуда. Президенттік жастар кадрлық резерві – талантты жастарға арналған тиімді әлеуметтік лифт. Білімді, дарынды жастарға берілген мүмкіндік. Осы жобаның арқасында әр саланың маманы өз қабілетін көрсетіп, еліміздің дамуына үлес қоса алады.