Жарылыс себебі анықталды

Бас прокуратура Қостанай қаласындағы «Оружейная палата» дүкенінде болған оқиғаны тергеп-тексеруді жалғастырып жатыр.
Жарылыс осы жылдың 3 қыркүйегінде болған еді. Оның салдарынан 4 адам қаза тауып, 11 тұрғын ауыр жараланды. Олардың барлығы дүкеннің жұмыскерлері болатын. Жарылыстан көршілес орналасқан коммерциялық нысандар мен тұрғын үйлерге де нұқсан келді. Енді оқыс жағдайдың себебі белгілі болып отыр.
«Тергеу анықтағандай, дүкен басшысы оқ-дәрі сатуға рұқсаты болғандықтан, оқиға болар алдында Қарағанды облысынан «Сокол» маркалы 40 келі оқ-дәріні саудаға шығару үшін сатып алған. Оқ-дәрі Қостанайға 36 градус ыстықта, қауіпті жүктерді тасымалдау ережелеріне қайшы келетін жағдайда тасымалданады. Әкелінген тауар жарылыс болған дүкеннің жертөле бөлмесіне сақтауға қойылған», – делінеді Бас прокуратура хабарламасында.
Сарапшылар жарылысқа оқ-дәрінің тұтануы себеп болды деген қорытындыға келді. Қазір кінәлі адамдарға қандай жауапкершілік жүктелетіні анықталу үстінде.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓