20 ДӘРІГЕРГЕ ПӘТЕР БЕРІЛДІ

WhatsApp Image 2019-11-22 at 17.46.23«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған жаңа пәтерлер Заречный кентінде орналасқан. Баспаналы болған дәрігерлердің дені Нұр-Сұлтан, Қарағанды қалаларында білім алып, биыл ғана өңірге жолдамамен келген жас мамандар. Құттықтай келген аймақ басшысы   қуаныш иелеріне ізгі тілегін арнап, облыстағы медицина саласын қолдауға бағытталған шаралар жөнінде қысқаша айтып өтті.
WhatsApp Image 2019-11-22 at 12.03.06
– Еліміздің басты мерекелерінің бірі – Тұңғыш Президент күні қарсаңында облысымызда көптеген маңызды іс-шаралар өтіп жатыр. Жаңа әлеуметтік нысандар пайдалануға беріліп, кәсіпорындар ашылып, тұрғын үй кілттері тапсырылуда. Елімізде Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында, біз әлемдік деңгейдегі медициналық қызмет көрсететін мүмкіндіктерге ие болдық.Облыстың денсаулық сақтау саласында жалпы саны  15 мың адам қызмет етеді. Оның 1900-і жоғары білімді дәрігер, 6200-і  арнайы орта білімі бар медицина қызметкері, сондай-ақ 400 жедел жәрдем қызметкері бар. Өңірдің денсаулық сақтау саласы қомақты көтермеақы және жайлы баспана бөлу арқылы  білікті кадрлармен толығып жатыр. Биылдың өзінде ғана өңірге 255 дәрігер келді. Оның 86-сы ауылдық мекендерге барып орнықты. Облысымызға келген әрбір маман назардан тыс қалып жатқан жоқ. Оларға жыл сайын әлеуметтік қолдау көрсетіліп отыр. Мәселен, биыл сырттан келген 118 дәрігерге пәтер берілді. Ауылдық мекендерге орналасқан 90 дәрігерге облыс бюджетінен 135 млн теңге көтерме ақы бөлінді.  Шағын қалаларға баратын дәрігерлерге қолдау көрсетуге ірі кен кәсіпорындарымен келісімге келу арқылы 100 млн теңге қарастырылған.  Дәрігерлерді қолдау шаралары алдағы жылы да жалғасатын болады,  – деді Архимед Мұхамбетов.
WhatsApp Image 2019-11-22 at 12.02.17
Аймақ басшысының айтуынша, облыстағы медициналық мекемелердің материалдық-техникалық жағдайы жыл санап  артып келеді. Биыл облыстың денсаулық сақтау саласына 53 млрд теңге бөлінген.
WhatsApp Image 2019-11-22 at 17.46.16
Медицина мекемелерін материалдық-техникалық жабдықтауға 2,2 млрд теңге қарастырылған.   Жедел жәрдем қызметі де едәуір ілгеріледі. Биыл 1 қаңтардан бастап құрамында 23 аралық станциясы бар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы жұмыс істей бастады. Соңғы 3 жыл ішінде облыстық бюджет есебінен 783 млн теңгеге 30 санитарлық автокөлік, 17 реанимобиль сатып алынған.
WhatsApp Image 2019-11-22 at 17.46.21
Мерекелік шара барысында Архимед Мұхамбетов облыстың «103 қызметіне» жылдамдығы жоғары, әлемнің жетекші кәсіпорындарында жасалған медициналық құрылғымен және сапалы тыныс алу құралымен жабдықталған «Ford Transit» маркалы 5 реанимобиль кілтін табыс етті.
WhatsApp Image 2019-11-22 at 12.03.47
WhatsApp Image 2019-11-22 at 17.46.11
 
Суретті түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓