Еңбектері елеулі, өнерлері жемісті

Бүгін облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов 2020 жылы белсенді қызмет атқарған өнерпаздарды марапаттады. Рәсім Қостанай қаласындағы Жастар сарайында өтті.ddeb12e0-4316-49b7-8746-c21be918cbc0
Карантин кезеңінде халықтың көңіл-күйін көтеру үшін онлайн режимінде елгезектікпен еңбек еткен ұжымдар мен түрлі байқауларға белсенді қатысып, жетістіктерге жеткен өнерпаздардың есімдері еленді.838e9ec3-6c68-47b7-8909-299a9e4867f5
 "Мұндай рәсім жыл ішінде жетістіктерімен, табыстарымен ерекшеленген талантты жастарымызды қолдау мақсатында жылда өткізіледі. Дегенмен, өткен жылы аты ардақталған жас әріптестеріміздің қатары көбірек болған еді. Биыл пандемияға байланысты көптеген жоспарлы іс-шаралар өткізілмеді, кейінге шегерілді. Айталық, Қостанайдың өзінде өтетін дәстүрлі "Алтын микрофон", "Түркі әлемі" сынды дәстүрлі байқаулар болған жоқ. Осындай күрделі кезеңге қарамастан онлайн іс-шараларда белсенділік көрсетіп, өңірдің мәдениет саласын дамытуға, танытуға үлес қосқан әрқайсыңыз марапатқа лайықсыздар", – деді басқарма басшысы Ерлан Болатұлы.c9d5654b-19dc-490f-ad87-4acafa747a0b
Өнерпаздар 30 000 теңге, ал ұжымдар 50 000 теңге ақшалай сыйлықпен және барлығы Алғыс хатпен марапатталды. Олардың қатарында жас әншілер, домбырашылар, театр әртістері, би ұжымының жетекшілері, кітапхана қызметкерлері бар. Сонымен қатар,  "Х Фактор Қазақстан" телевизиялық жобасының шешуші айналымдарында өнер көрсетіп жүрген жерлестеріміз, ағайынды Айдар және Бекболат Жазықбаевтардың "BRO" дуэті де ерекше аталып өтті.0c531825-b7b4-46ab-ad1e-cc437bd828f3
888014e5-b612-464f-9d96-6f70eeb0138cМарапат иелерін назарларыңызға ұсынамыз:
1. Серік Нағашыбайұлы Алпысов – Алтынсарин аудандық Мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы, "Абай әндері" республикалық онлайн байқауының жеңімпазы, "Рухани қазына" байқауының облыстық кезеңінің "Мәдениет жанашыры" аталымының иегері, "Алтын Орда – өткеніміз бір, болашағымыз бір" облыстық байқауының жүлдегері.
2.Арман Жұматұлы Кәкімов – Әулиекөл аудандық Мәдениет үйінің маманы, Батырбек Жүнісов атындағы "Жетікөл" халықтық қазақ ұлт аспаптары оркестрінің бас домбырашысы, облыстық "Күмбірле, қоңыр домбыра" онлайн байқауының жеңімпазы.
3. Марғұлан Мұратұлы Қасымбек – Жангелдин ауданы Н.Ахметбеков атындағы Мәдениет үйінің жанынан құрылған "Халық" театрының әртісі, "Торғай-Жайдарман" филиалының бас редакторы.
4.Абай Нағашыбайұлы Сейдахметов – Сарыкөл аудандық Мәдениет үйінің жанынан құрылған "Сарыкөл сазы" этно-фольклорлық ансамблінің жетекшісі, домбырашы, облыстық "Ұлы Дала үні" байқауының бас жүлдегері.
5.Ұзынкөл аудандық Мәдениет үйінің жанынан құрылған "Бимаржан" би ұжымы – Анастасия Леонидовна Овчинникова жетекшілік етеді. Халықаралық "Маnana" би байқауының 1-дәрежелі лауреаттары, аймақтық "Би өнектері" би байқауының жеңімпаздары.
6. Нұриден Арғынғазыұлы Қабыкенов – Қостанай аудандық "Алтын дән" Мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі, "Шабыт" вокалдық тобының және "Тобыл сазы" қазақ ұлт аспаптар оркестрінің жеке орындаушысы, республикалық "Шәмшінің әні шырқалады" онлайн ән байқауының 1-орын иегері.
7. Зарина Серікқызы Құлмұхамбетова – Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының солист-вокалисі.
8.Айтжан Құрымғалиұлы Италмасов – Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың Өлкетану әдебиеттері бөлімінің кітапханашысы.Онлайн іс-шаралардың белсенді қатысушысы.
9.Ғалия Бауыржанқызы Қабақова – Қостанай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің аға әдіскері. Онлайн іс-шаралардың белсенді қатысушысы.
10.Татьяна Павловна Захарченко – облыстық Орыс драма театрының әртісі.Онлайн іс-шаралардың белсенді қатысушысы. Биыл күзде "Федра" спектаклінде басты рөлді ойнады.
11. Ерлік Елдосұлы Сапабеков – І.Омаров атындағы қазақ драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі. Онлайн іс-шаралардың белсенді қатысушысы.
 
Суреттер С.Мироновтікі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓