ШАҺАРДАҒЫ ШАТТЫҚ КҮНІ

Бүгін қаланың әр бұрышында әсем ән әуелеп, күй қалықтап тұр.

IMG_9462

 Орталықта көркем безендірілген күркешелер, гүлмен көмкерілген ескі автокөліктер, гүл-мүсіндер «мен мұндалап» тұрды. Қостанайдың туған күнін тойлап жатқан тұрғындар мен қала қонақтары мерекелік көңіл күйде.

IMG_9353

 

IMG_9362

 
Облыс әкімі Н.Садуақасов барша қостанайлықтарды айтулы мерекемен құттықтады.

IMG_9609

 Қала өнерпаздары дайындаған «Туған күніңмен, Қостанай» атты концерттік бағдарлама биылғы жылы ерекше болды. Себебі, ән салып, би билегендердің басым көпшілігі– қала тұрғындары. Мәселен, «Карнавал» би ансамблінің «көше биі» жиылғандардың алғысына ие болды.

IMG_9558

Қостанайды төл мерекесімен құттықтауға ежелгі грек аңызындағы кейіпкерлер де келіпті. Мифологиядағы бас әмірші Зевс қаламыздың қарқынына риза болса, Афродита Қостанай сұлулығына қол соқты. Тобылға тамсанған Посейдон да қаланы 136 жасымен құттықтады.

IMG_9547

 Мерекелік іс-шаралардың легі хот-дог тағамын жасау турнирімен жалғасты. Жастар өздері сүйіп жейтін фаст-фуд түрлерін дайындау мүмкіндігіне қол жеткізді. Ал Астанадан қонаққа келген Санжар есімді жас жігіт те хот-дог жасау жарысына атсалысты.

IMG_9794

  – Қостанай күнін арнайы тойлауға досыммен бірге келдім. Астықты өлкеге бірінші рет жолым түсіп отыр. Жұрт көңілді. Хот-дог дайындау сайысы арқылы қостанайлық жастармен таныстым. Бүгінгі күндегі қуанышымды сөзбен жеткізе алмаймын, – дейді қала қонағы. Сонымен қатар, қалалық саябақта әдебиетке  құмар жандар үшін поэзиялық іс-шара өткізілді. Қостанайлық жас ақындар ару қаламызға өлең шумақтарын арнап, өңірден шыққан белгілі қаламгерлердің шығармалары оқылды. Табиғат аясында өткен тәлімі мол мерекелік шараға Ақылбек Шаяхметов,Серікбай Оспановпен қатар сатирик Бәкеш Айсин және аудармашы Абдрахман Досов сынды танымал тұлғалар мұрындық болды. «Бесік-арбалар шеруі», «Нан мерекесі» мен мергендер сайысы да жұрттың көңілінен шықты. Орталықта «Балалар алаңы» ашылды. Бүлдіршіндерге арналып түрлі ойындар өткізіліп жатыр.
IMG_9468
IMG_9477
IMG_9491
IMG_9494
IMG_9707Қостанайдың  туған күні ел болып мерекеленіп жатыр. Қала күнін тойлау концерттік бағдарлама және Тобылдың жағасындағы отшашумен аяқталады деп күтілуде.
 
 
К.Қонысбай, Қ.Қойшыманов
Суреттерді түсірген Б.Ахметбеков 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓