Тәртіп сақшыларына алғыс

Газет редакциясына Арқалық қаласында тұратын Келденовтер отбасы хабарласты. Кеше сағат 11:30 кезінде Амангелді ауданы Ақсай ауылы маңында автокөлігі бұзылып қалған. Жолда тұрған кезде оларға Жангелдин ауданы полиция бөлімі ЖПҚб УПИ полиция майоры Асқарбек Жұмабаев пен Амангелді аудандық полиция бөлімі ЖПҚБ ЖПП полиция сержанты Дәурен Ерденов көмекке келген.
191116153140380a3585963i
– Қостанай қаласына бара жатқан 6 адамға алғашқы көмектерін көрсетті. Олардың арасында бір бала бар. Көлігімізді Қостанай қаласына дейін сүйретіп әкелді. Олар өздерінің халыққа жақын екенін көрсете білді. Полиция қызметкерлеріне алғысымыз шексіз. Қостанай облысы полиция департаментінде осындай полиция қызметкерлерін тәрбиелгендеріңізге мақтанамыз, – дейді отбасы мүшесі. 
Сонымен қатар, Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал майоры Бекет Аймағамбетовке аты аталған 2 полиция қызметкерін құрметке ұсынуын сұрайды.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓