«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»
Міне, осындай атпен Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясында салтанатты іс-шара болып өтті. Салтанат Қазақстан Республикасының Әнұранының орындалуымен ашылды. Оны академияның үрмелі аспаптар оркестрі сүйемелдеді.

Осы салтанат аясында оқу ордасының профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің бір тобы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, академия бастығының бұйрықтарымен қызметтік міндеттерін адал орындап, көрсеткен жетістіктері үшін мерзімінен бұрын атаққа иеленді, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медальімен, «ІІО үздігі» төсбелгісімен, құрмет грамотасымен, алғыс хаттармен марапатталды.


Салтанатты іс-шара барысында жиналғандар Елбасы Н.Назарбаев туралы бейнероликті тамашалады. Жиын соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты. Концерттік бағдарлама аясында тыңдаушылар Н.Назарбаевтың сөзіне жазылған А.Қоразбаевтың «Үш қоңыр» әнін, «Өз елім», «Тәуелсіздігім теңдігім» «Көк тудың желбірегені» әндерін тыңдады. Күндізгі оқыту факультетінің 2 курс тыңдаушысы жас ақын Тельман Құдайберген «Тәуелсіздік туы» атты өлеңін оқыды.
Гүлназым Сағитова