Қайырымы мол мереке

Адамзаттың асылы, әлемнің рахым нұры, екі дүниенің сәруары, Пайғамбарлардың сұлтаны Хазіреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған күні – Мәуліт мерекесін облысымыз атап өтті. Мәуліт арабша «туу», «туған уақыты» деген мағыналарды білдіреді. Ол пайғамбарымыздың дүниеге келген күніне байланысты тойланатын мейрам.  Ал Мухаммед сөзі «мақтаулы, мақталынған» деген мағынаны білдіреді.IMG_0117
Биылғы Мәуліт мейрамы бұрынғы аталып өтілетін шаралардан басқаша тұрпатта ұйымдастырылғанын айта кетейік. Бұған дейінгі жылдарда концерттік залдардағы бағдарламаларды тамашалап келген мұсылман қауымы бұл жолы алдымен облыстық Аймағанбет қажы мешітінде Қазақстан мұсылмандарының «Жеті рухани қазық», «Дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізілімі» тұғырнамалары көпшілікке кең көлемде түсіндірілді. Айта кетейік, «Жеті рухани қазық» – имандылық, отаншылдық, білімділік, ауызбіршілік, еңбекқорлық, мәдениеттілік, әділдік тармақтарынан құралған.IMG_0152
Рухани мерекеге ҚМДБ Зекет қорының директоры Талғат Омаров және ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрмашұлының арнайы келіп қатысқанын айта кетейік.IMG_0122
 
IMG_0182
IMG_0143Мешіттегі жиыннан кейін барша жамағат қаладағы «Сұлтан сарайы» мейрамханасының дастархан басында «Қариясы бар елдің – қазынасы мол» атты қайырымдылық шарасына қатысты. Елордадан келген меймандардың құттықтауынан кейін «Ел үлесі – пәтерге» жалпыхалықтық акциясының 146-шы пәтерінің кілтін тапсыру рәсімі болды. Бұл жолғы баспана Сарыкөл ауданындағы «Қабдеш ата» мешітіне қызметке келетін имамға табыс етіліп отыр. Бұдан бөлек, көп балалы, аз қамтылған 30 отбасыға азық-түлік таратылды.IMG_0136
Рухани шарада өңірдің өнерпаздары әннен-күйден шашу шашып, ғибраты мол сахналық қойылымдар көрсетілді.
 
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓