Еңбегі еленген еріктілер

Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы бір жыл бойы ерекше еңбек еткен белсенді еріктелерді марапаттады. Игі ісімен көпшілікке үлгі болған жастарды облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Марат Жұрқабаев құттықтады.
2020 жылы облыстық Ассамблеяның жанынан еріктілер орталығы ашылды. Қысқа мерзім ішінде орталыққа мыңнан астам адам жиналып, қайырымдылық іс-шараларына белсене қатыса бастады. Әсіресе биылғы күзде болған Әулиекөл ауданындағы орман өртінде еріктілер жұмыла іске кірісті. Осынау төтенше жағдайда алдыңғы шептен көрінді. Еліміздің түкпір-түкпірінен ағылған гуманитарлық көмекті қабылдап, сұрыптап, жапа шеккендерге дер кезінде көмек беруге тырысты. Қайырымды жандардың бұл еңбегі ескерусіз қалмай, жылдың аяғында марапатқа ие болып отыр.
– "Жұмыла көтерге жүк жеңіл" деген жақсы сөз бар халқымызда. Әулиекөл орманы өртенген кезде кең пейілді қамқор жандар оқиға орнына аттанды. Қиын сәтте бей-жай қарамай, бірінші болып көмек қолын созған еріктілерге алғысым шексіз,-деді облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Марат Жұрқабаев құттықтау сөзінде.
Салтанатты кеште облыстық ҚХА-ның үздік, еңбекқор жастары мен еріктілеріне әртүрлі деңгейдегі марапаттар табысталды. Олардың тізімін газетіміздің алдағы нөміріне жариялаймыз.
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓