Президент Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Құрметті отандастар!

1991 жылғы 16 желтоқсан – төл тарихымызда­ғы ме­рейлі белес. Бұл – егемен ел болуды аңса­ған ата-баба арманы ақиқатқа айналған ұлы күн.

Тәуелсіздік күнінің айрықша мән-мағынасы бар. Азаттық үшін арпалысқан ұлт перзенттерін ел жадында мәңгі сақтау – қасиетті парызымыз. Олар­дың отаншылдық қасиеті – бүгінгі және болашақ ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге.

Біз тамыры терең мемлекеттігіміздің маңыз­ды белестерін ұлықтап, ұлтты ұйыстыратын ортақ құн­­дылықтарды нығайта береміз. Сол ар­қылы қас­терлі Тәуелсіздігіміздің тұғырын биік­тете түсе­міз.

Тәуелсіздік – баға жетпес байлық. Бәріміз оны көз­дің қарашығындай сақтауымыз керек. Мем­­ле­кеті­міздің егемендігін, еліміздің аман­ды­ғы мен жері­міздің тұтастығын қорғау – әр аза­мат­тың қас­терлі борышы.

Биыл еліміз үшін бетбұрысты жыл болды. Бұрын-соңды болмаған сын-қатерлермен бетпе-бет келдік. Елдігімізге іштен де, сырттан да зор қауіп төнді. Дегенмен мызғымас бірлік пен ырыс-ын­тымақтың арқасында барлық қиын­дық­ты ең­се­ріп келеміз.

Біз ауқымды саяси және экономикалық ре­фор­­маларды қолға алып, мемлекетімізді жаң­ғыр­­ту­дың жаңа кезеңіне қадам бастық. Бұл бас­­­та­ма­лар­ды табысты жүзеге асыру – әрқай­сы­мыздың қо­лымызда.

Егемен елімізді одан әрі дамыту – алдымызда тұр­ған басты міндет. Біз осы жолда аянбай еңбек етуі­міз қажет. Сонда ғана Қазақстан қуатты мем­ле­кетке айналады.

Баршаңызды бүгінгі ұлық мерекемен шын жүрек­тен құттықтаймын!

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Қазақстанымыз өркендей берсін!

Қасиетті Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓