Жаңа ордадағы мерейтой

Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясы іргетасының қаланғанына 75 жыл толып отыр. Өнер ұжымы үлкен мерейтойын биыл ғана қоныстанған жаңа ғимарат – Жастар сарайында атап өтті. Мың орындық залда ине шаншар бос орын болмағанын айта кетейік. Бұл – дара дарын иелеріне деген көрерменнің ыстық ықыласы десек, артық емес.75121430_2677801362280418_3995860847179071488_n
– Облыстық филармония сұрапыл соғыстың отты жылдарында іргесі қаланған өнер ордасы. Міне, сол уақыттан бері аймағымыздың мәдени өмірінде үлкен қолтаңба қалдырған шаңыраққа айналды. Талай талант иелері сахнадағы өнері арқылы халықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Олардың бірқатары ортамызда отыр. Владимир Рыдченко, Александр Калугин, Александр Евсюков, Анатолий Заруба, Қадыр, Майра Қаржауовтар, Геннадий Стаканов, Гүлбану Абдулина, Серік Әбілев бастаған ардагерлердің есімі облыстық филармонияның тарихында алтын әріпттермен жазылып қалды. Өнер ұжымы жеті онжылдық аралығында 35 миллион көрермен тамашалаған 300 мыңнан астам концерттер берген екен. Осы уақытта жүздеген мың тұрғынға мәдени қызмет көрсетті, әнсүйер қауымға ұмытылмас өнер кештерін, кездесулер ұйымдастырды, музыка құдіретімен адами, рухани құндылықтарды дәріптеді, – деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мерейтой иелерін құттықтаған сөзінде.74610996_2677801168947104_7287550372976001024_n
Өнер ұжымының ардагері, аймағымызға есімі кеңінен танымал, өмірінің 60 жылын мәдениет саласына, соның 33 жылында филармония директоры қызметін атқарған Владимир Васильевич Рыдченконың еңбегі ұшан-теңіз. Өз міндетінің шебері, білгір басшы, кәсіби маманға өңір әкімі сый-сияпат жасады.74489092_2677801468947074_6122739054569062400_n
Ал жалпы, бүгінгі мерейтой барысында филармонияның бірқатар өнерпазы жоғары марапаттарға ие болды. Соның ішінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін таққандардың тізімін ұсынамыз:
1 Борская Елена Владимировна көркемдік жетекші
2 Егорова Татьяна Владимировна аспапта орындаушы
3 Кривова Елена Владимировна бас балетмейстер
4 Коропецкий Игорь Владимирович жеке ән орындаушы
5 Молдабеков Сапар Әлімжанұлы аспапта орындаушы
6 Молдахметова Назгүл Молдабекқызы аспапта орындаушы
7 Рачинская Светлана Игоревна концертмейстер
8 Семенова Светлана Васильевна аспапта орындаушы
9 Үмбетова Гүлмира Жұмагелдіқызы жеке ән орындаушы
10 Уваров Сергей Владимирович аспапта орындаушы
11 Шахметова Лаура Исатайқызы аспапта орындаушы
 
Бұлардан бөлек, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Грамотасы, облыс әкімінің Грамотасы алғандар бар. Марапат иелеріне мерейтойлық қолсағаттар тарту етілді.
Қарашаңырақ ұжымы көрерменге шалқар шабытпен әннен-күйден, биден шашу шашты. Жергілікті майталмандармен қатар, еліміздің ірі өнер ұжымдарына жетекшілік етіп отырған белгілі дирижерлер, орындаушылар мерекенің көрігін қыздырып, айбынын асырып жібергендей. Әсіресе, Алматыдан арнайы келген танымал опера әншісі, халықаралық конкурстардың лауреаты Береке Еңкебаева, Нұр-сұлтан қаласынан арнайы келген мейман, «Құрмет» орденінің иегері Жанар Жүсіпова, алыс-жақын шетелге танымал әнші жерлесіміз, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин, жас әнші, астанадағы Өнер университетінің студенті Айдана Мұхтардың орындауындағы шығармалар көрерменді зор әсерге қалдырды.75252867_2677801132280441_349532053525495808_n
75424506_2677801558947065_6387037439155765248_n72126595_2677801288947092_7629695533723942912_nҚыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ
Суреттер әлеуметтік желіден алынды

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓