Киіктер қайта оралды
Торғай даласына киіктер қайта оралды. Бұл туралы "Алтын дала" резерваты фейсбуктегі парақшасында хабарлады. Ақтобе облысы "Ырғыз-Торғай" мемлекеттік табиғи резерватының территориясынан Қостанай облысын "АЛТЫН ДАЛА" мемлекеттік табиғи резерватының территориясына 20 000 (жиырма мың) киік ауды. Қөктемгі санақта біздің аумақта 1974 киік саналған, лақтағанымен санасақ, одан 2-3 есе көбейді және оның үстіне 20 000 киік келіп қосылып жатыр! Сурет Тосынқұм телімі Месқали жерінде "Алтын Дала" МТР Тосынқұм телімінің инспекторларымен түсірілген.