Жылдың алғашқы жәрмеңкесі өтті
Бүгін Спорт сарайында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жылдың алғашқы сауда-саттық мерекесіне облыс орталығы мен 11 ауданнан 130 тауар өндіруші өз өнімдерін тұрғындарға арзандатылған бағамен ұсынды.

Жәрмеңкеге жұртшылық таңғы сағат 7-ден жинала бастады. Ғимарат ішін лық толтырған қарасы қалың халық түс ауғанша тарқаған жоқ. Сеңдей соғылысып, сөре біткенге ұзын-сонар кезекке тұрды.



-Айталық, картоптың келісін дүкендерден 85-90 теңгеден алып жүр едік, жәрмеңкеде небары 55 теңгеден сатылып жатыр. 5 литрлік сұйық майың супермаркеттерде 2000 теңге тұрады, ал мына жерде көз үйренген бағадан 25 пайызға дейін төмен екен. Әуелде жоспарда болмаса да, қазір ет сатып алғалы тұрмын. Жалпы, осындай халыққа тиімді жәрмеңкелер жиі өткізіліп тұрса екен,- дейді ол.
Жылдың алғашқы жәрмеңкесінің барысымен танысып, өнімдер бағасын бақыламаққа облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов және қала әкімі Базыл Жақыпов арнайы келіп қатысты.


Жандос Жүсіпбек
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков