Оң өзгерістер байқалады

Сарыкөл ауданының әкімі Амантай Балғарин өңірлік БАҚ өкілдеріне ауданның 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын баяндап берді.72219729_612027039535958_5349181329634230272_o
Биыл аудандағы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 15 млрд теңгеге жеткен, оның  ішінде 9 млрд теңгесі өсімдік шаруашылығына, 6 млрд теңгесі мал шаруашылығына тиесілі. Осы саланы дамыту үшін мемлекет тарапынан 1,4 млрд теңге көлеміндегі субсидия бөлінген. Бұл соманың 816 млн теңгесі өсімдік шаруашылығына бағытталса, жаңа техника сатып алуға 590 млн теңге жұмсалған.
"Мал шаруашылығы саласында ет, сүт және жұмыртқа өндіру көлемі артты. Союға өткізілген мал мен құстың барлық түрлерінің жалпы салмағы 5063 тонна болды. Өндірілген сүт көлемі – 17 687 тонна. Бұл өткен жылдың көлемінен 8% артық", – дейді аудан әкімі.
Сарыкөлдіктер мемлекеттік бағдарламалар ұсынған игіліктерді де тиімді пайдаланып келеді. Мәселен, "Еңбек" бағдарламасы аясында мемлекет қазынасынан 160 млн теңге қарастырылған."Ауыл – ел бесігі" арнайы жобасы да жемісін беруде. Айталық, орталық аудандық аурухананың ғимараты осы жоба аясында 62 млн теңгеге жөнделді. Мұнымен қоса, Новоурицкий және Ө.Сұлтанғазин атындағы орта мектеп 277 млн теңгеге күрделі жөндеуден өткен. Тағы, Өнер мектебінің ғимараты да 5 млн теңгеге жаңартылып жатыр. Келер жылы Комсомол. Тағыл орта мектептерін жөндеу жоспарда бар.
"Елді мекендерде ауызсу мәселесін түбегейлі шешуге де ден қойылды. Биыл Златоуст ауылын орталықтандырылған ауызсумен қамту жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде 890 тұрғынның тіршілік нәріне қолы жетті, – деді А.Балғарин. – 269 млн теңге жол жөндеуге жұмсалды. Оған аудандық маңыздағы және көше жолдары тегістелді. Келер жылы да Қоскөл-Комсомол бағытындағы және Урожайный ауылына баратын жолдар жөнделмек".
Аудан басшысының сөзінше, жергілікті кәсіпкерлер де туған жерлерінің дамуына аз үлес қосып жатқан жоқ. Биыл жанашыр азаматтар қалтасынан шығарған 126,2 млн теңгенің арқасында 4 әлеуметтік жоба іске асқан. Жоба демекші, келер жылдың жоспарына 8 инвестициялық жоба енгізіліп отыр. Олардың жалпы құны 343 млн теңгеге шақ болмақ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓