Тәртіп бар жерде тәрбие бар
Конституция 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі – өзінің егемендік құқығын баянды етті. Ата заң қабылданған күн – мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясының күні деп жарияланды.
Конституция – барлық заң салаларының негізі, ал оның нормалары – басқа заңдар үшін бас-ты қағида болып есептеледі.
Конституция – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзелу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтарын мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң.
Әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін Конституция және оның нормаларын пайдалана алады.
Сонымен қатар Конституция еліміздің экономикалық, әлеуметтік және мәдени, рухани ах-уал мен халық игілігі үшін қар-қынды дамуына қажетті жағдайларды айқындап берді.
Қоғамдағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуда прокуратура органдары да өз үлесін қосып келеді.
Конституцияның 83-бабында жоғары қадағалауды жүзеге асыратын орган болып прокуратура айқындалды. Конституциялық міндеттеріне сәйкес, прокуратура мемлекет атынан заңдардың, Президент Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және біріңғай қолданылуына, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыруға, кез келген заң бұзушылықты анықтау және жою жөнінде шаралар қолдануға, Конституция мен заңдарға қайшы келетін құқықтық актілерге наразылық келтіруге тиіс.
Ең алдымен адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау прокурорлық қадағалаудың басты мақсаты мен міндеті болып табылады.
Прокуратура органдары мен қызметкерлері Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілген баптардың бұзылмауы мен оның сақталуына жол бермеуі тиіс.
Осы орайда қала прокуратурасымен заңдылықты қадағалау мақсатында әрдайым қажетті жұмыстар атқарып отырады. Заң бұзушылық фактілері анықтал-ған жағдайда, прокурорлық ықпал ету актілері енгізіліп, азаматтардың конституциялық құқықтары қорғалып, заңсыздыққа жол берген лауазымды тұлғалар әртүрлі жауапкершіліктерге тартылуда.
Атап айтқанда, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде 6 184 заң бұзушылық анықталып, нәтижесінде 97 наразылық және 82 ұсыныс енгізілді. Прокурорлық ықпал ету актілерінің қорытындысымен 5 262 қала азаматтарының, оның ішінде 1 296 жас-өспірімнің конституциялық құқық-тары қорғалып, заңсыздыққа жол берген 235 тұлға тәртіптік, 172 тұлға әкімшілік жауапкершіліктерге тартылды.
Сайып келгенде, заңға бағыну – тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие бар. Осы қасиеттер қоғамның дамуына негіз болады. Өз Отанының заңдарына бағыну –әр адамның азаматтық борышы. Тәуелсіз мемлекетіміздің шаңырағын көкке көтеру үшін Конституцияны құрметтейік ағайын.
Б.Әбжапбарова,
Қостанай қаласы прокурорының көмекшісі.