Арзан ұшақ астықты аймаққа да жетті

Қазақстандық "Fly Arystan" авиакомпаниясы Қостанай  әуежайындағы жөндеу жұмыстарына байланысты тоқтатылған рейстерін қайта жандандырмақ.

Қазір әуежай ашық, және жолаушыларды қабылдауға дайын. 18 желтоқсаннан бастап FlyArystan Нұр Сұлтан – Қостанай – Нұр Сұлтан бағыты бойынша күнделікті рейстерге билеттерді сата бастайды. Әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, билеттің ең төменгі бағасы 5999 теңгеден басталады. Компания өз паркін 180 орындық Airbus A320 төртінші бортымен толықтыруды жоспарлап отыр.

«Мүмкіндік пайда болған жағдайда  біз еліміздің солтүстік-батыс аймағына шығатын боламыз. Астықты аймақтармен байланыс орнату біздің алға қойған жоспарларымыздың бірі», – дейді "FlyArystan" компаниясының сату және маркетинг жөніндегі директоры Жанар Жайлауова.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓