АРНАЙЫ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
Заңды тұлғалардан құжаттарды қабылдауды оңтайландыру мақсатында, өтініштерді қабылдау орталықтары жұмыс істейтін ХҚКО қалалық және аудандық бөлімшелері арқылы өтініштерді қабылдауды ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілді.
«Енді заңды тұлғаларға құжаттарды тапсыру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ өңірлік филиалының кеңсесіне келудің қажеті жоқ. Облыстың кез келген ХҚКО – на жүгінуге болады», – деп атап өтті Мемлекеттік корпорацияның Қостанай облысы бойынша филиалында.
Атап айтқанда, хабарлама сипатындағы қызметтерді көрсету ХҚКО-да заңды тұлғалардан жіберілетін құжаттардың келесі түрлері бойынша жүзеге асырылады:
1) Заңды мекенжайының (резидент еместердің)өзгергені туралы хабарлама
2) Заңды тұлға басшысының (резидент еместердің)өзгеруі туралы хабарлама
3) Заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайту туралы хабарлама
4) Заңды тұлғаның экономикалық қызмет түрінің өзгеруі туралы хабарлама
5) Басшы мен құрылтайшының дербес деректерінің өзгергені туралы хабарлама (ТАӘ өзгерту)
6) Заңды тұлғалардың тіркелген заңды тұлға туралы мәліметтерді ұсынуға қатысты сұрау салулары.
Жоғарыда көрсетілген қызметтер хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылады, тіркеу алымын төлеу көзделмеген.
Айта кету керек, қазіргі уақытта электрондық үкімет порталында резидент еместер үшін басшының ауысуы, орналасқан жерінің өзгеруі электрондық хабарлама негізінде емес, автоматтандырылған режимде базаға енгізілмейді.