Ыстық су 11 күнге тоқтатылады
Қыркүйектің 7-18-і аралығында Қостанай қаласы бойынша ыстық су болмайды.
Ол күндері «КЖЭК» МКМ, жыл сайынғы әдетпен, жылу желілерін қысыммен тексереді. Жылу компаниясы бірден үш қазандықтың жұмысын тоқтатпақшы. Желі-құбырларға қысыммен тексеру жүргізудегі мақсат – олқы тұстарын анықтап, жөндеу. Мұның сыртында жылу магистральдерінде де сынақ жұмыстары жүргізілмек. Жалпы, компания мәліметі бойынша, Қостанайдағы көпқабатты үйлердің жартысынан көбі жылу маусымына дайын.