183 ұсыныс әзірледі
2022 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту бағытында денсаулық сақтау, білім беру, еңбек, әлеуметтік қорғау салаларында талдау жүргізілді. Нәтижесінде мемлекеттік аппараттың жұмысын мейлінше адамға бағдарланған сервистік сипатта қалыптастыруға, бюрократиялық кедергілерді азайтуға бағытталған 183 ұсыныс әзірледі. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

–«Бұл жұмысқа әртүрлі сала мамандарынан, азаматтық қоғам өкілдерінен және сарапшылардан құрылған жалпы саны екі мыңға жуық адам қатысты. 2023 жылы қаржы-экономикалық саласына талдау жүргізу жоспарлануда», – деді Агенттік төрағасы Дархан Жазықбаев.
Консультативтік-сараптамалық топтың мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту бойынша өзекті мәселелерді жан-жақты талқылау жұмысы нәтижесінде 40-қа жуық ұсыныс мемлекеттік органдарға жолданды.

Айта кету керек, ҚР МҚІА кеңейтілген алқа отырысында 2022 жылғы жұмысын қорытындылады.