Басшы күдікке ілінді
Қостанай облысының Жемқорлыққа қарсы күрес қызметі "Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжам әдістемелік орталығы" АММ облыстық филиалының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.Оған жемқорлық қылмыс жасады деген айып тағылды.
"Ол қарамағындағы тұлғадан 130 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін күдікке ілінді", — деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі.
Адвокаттың қатысуымен жауап алынған күдікті кінәсін мойындаған.
"Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктінің кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады", — деп түйіндеді ведомствода.