Жалған ақша жасап келген
– Қылмыстық топ қолданыстағы түрлі-түсті принтерден банкноттарды заңсыз басып шығарумен айналысып келген. Топ мүшелері жалған ақшаларды біздің өңіріміз бен Қарағанды, Алматы облыстарында айналымға шығарып отырған. Олардың арасында бұған дейін де жалған ақша жасап, жазасын өтегендердің бар екені анықталды.
Белгілі болғандай, қылмыстық топ көбіне 5 мың теңгелік банкноттарды жасап келіпті. Себебі олар қолға түскен уақытта қызыл түсті жалған ақшалар тәркіленіп алынған екен. Мақсат Төлеуленов сот ісінің әлі аяқталмағанын, алдағы күндері мән-жайдың толық белгілі болатынын жеткізді.
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ