Заң жобасы мақұлданды
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары екінші оқылымда "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобаларын мақұлдады, – деп хабарлайды Today.kz.
"Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" заң жобасын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы тапсырмасына сәйкес әзірледі және ол еңбек өтілі мен әлеуметтік төлемдердің мөлшері арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ 2020 жылдан бастап орташа әлеуметтік төлемдердің өсуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Құжатта мүгедектігі, асыраушысынан айрылуы және жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау кезінде қолданылатын параметрлерді қайта қаралды. Бұл осы төлемдерді орта есеппен 30%-ға арттыруға мүмкіндік береді.
Екінші заң жобасында көп балалы отбасыларға арналған жаңа мемлекеттік жәрдемақыны енгізу, атаулы әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін жетілдіру және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет енгізу қарастырылған.
Заң жобасы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәмелетке толмаған 4 немесе одан да көп балалары бар немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттері бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуді ұсынады. Бұл жәрдемақы отбасының табысына қарамастан сараланған мөлшерде тағайындалады: 4 балалы – 42 496 теңге; 5 балалы – 53127 теңге; 6 балалы – 63 757 теңге; 7 және одан көп балалы – 74 388 теңге.