Көлге батып кеткен
Оқиға 27 қыркүйек күні Әулиекөл ауданында болды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. Диев ауылындағы Сұлукөл көлінде іздеу жұмыстары жүргізілді. Көлден 42 жастағы ер адамның денесі табылды.
"Ол 26 қыркүйекте балық аулау кезінде батып кеткен. Марқұм құтқару заттарымен жарақталмаған", – делінеді хабарламада.