THERMA PARK салынады

Қостанай қаласындағы Kostanay Plaza сауда, ойын-сауық дүкенінің жанынан термопарк салынады. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қаладағы әлеуметтік нысандарды аралау кезінде айтты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. 191111180509783eKostanay Plaza сауда, ойын-сауық дүкені елдегі ең ірі орталықтардың біріне айналмақ. Архимед Мұхамбетовтің сөзінше, сауда орталығының қазіргі ауданы 33 мың шаршы метрді құрайды. Енді оның жанынан аумағы 68 мың шаршы метр қосымша ғимарат – THERMA PARK бой көтереді.
«Осылайша, Kostanay Plaza Қазақстандағы ең ірі өңірлік сауда, ойын-сауық орталықтарының бірі болады. Термопарк көпфункциялы қызмет атқарады. Қазіргі таңда термопарктің құрылыс-монтаждау жұмыстары 80% аяқталды. Сонымен қатар инженерлік коммуникациялар жүргізілді. Ғимарат ішінде бассейндер, монша кешені орналасатын болады. Оның біріне таза теңіз суы құйылады. Бұл ғимаратты салудағы мақсатымыз – салауатты өмір салтын насихаттау, қала көркін арттыру. Бас мердігер нысанды 2020 жылдың соңына дейін тапсырады», – дейді аймақ басшысы.
Архимед Мұхамбетов айтқандай, мұнда жерасты паркингін де жасау жоспарланып отыр. Айта кету керек, мұндай тәжірибелер көршілес Ресейдің Қорған облысында бар әрі халық сұранысына барынша ие.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓