Кикілжің кісі өлімімен аяқталды
Қостанай облысында әйел ер адамды пышақтап тастаған, – деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі. Оқиға 28 қазанда болған. Қостанай облысы Таран ауданы Әйет ауылының жергілікті тұрғыны 29 жастағы әйел жанжал барысында бірге тұратын ер адамның кеуде тұсына пышақ ұрған. Соның салдарынан ер адам оқиға орнында қаза тапты.
Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.