Үздік тауар иелері анықталды

     Бүгін Қостанайда «Қазақстанның үздік тауары-2015» өңірлік көрме-байқауының қортындысы жарияланды. Бұл байқау осымен жетінші рет ұйымдастырылып отыр. Ондағы мақсат отандық тауарлардың сапасын арттырып, бәсекеге қабілетті ете түсу.
            Маңызды іс-шара шеңберінде облыс тауар өндірушілерінің көрмесі ұйымдастырылды. Оған астықты өңірдің өндірісін өрге сүйреп жүрген кәсіпорындар өз өнімдерін әкеп қойды.
        «Каменск-Уральск» ЖШС-і он төрт жылдан бері қымыз өндірісімен айналысып келеді. Бүгінде кәсіпорын шығаратын ұлттық сусын байтақ Қазақстанға танымал. Серіктестіктің технологы Қалихан Әлмұхамбетовтың айтуынша, шаруашылық бүгінде елу бие байлап отырған көрінеді. Күніне 150 литр қымыз ашытады. Бағасы да арзан. Қостанайдағы «Солнычный» , Астықжан» супермаркеттерінде «Каменск-Уральск» шығарған «Жайлау» шипалы сусындары 500 теңгеден сатылады.

Изображение 2 1228

        -Қымыз ашытатын цехымыз түгел неміс қондырғысымен жабдықталған. Сапасы өте жоғары. Сондықтан, біз өз өнімдерімізді ұялмай саудаға шығара аламыз,-дейді Қалихан Әлмұхамбетов.
       Жалпы, осы сияқты тауар өндіруші кәсіпорындардың бұл байқау-көрмеге алғаш рет қатысып отырғанын айта кеткен ләзім. Солардың бірі- Рудныйдағы «Ақ барыс НГ» кеспе зауыты.

Изображение 2 1229

        -Біздің кәсіпорын 2012 жылы құрылды. Қарамағымызда отыз адам еңбек етеді. Осыған дейін өндірген өнімдеріміз жатыңқырап қалатын. Қазір ондай мәселе жоқ. Еуразиялық одаққа мүше елдер арасында тауар айналымын ұлғайтуды көздеп отырмыз. Теңге еркін айналымға жіберілгелі көңіліміз жайланды. Баға бәсекелестігіне төтеп бере аламыз. Тіпті, соңғы күндері тапсырыстар көбейіп жатыр. Осыған қарап жағдайымыз жақсара түсетіндігіне сенімдіміз, – дейді «Ақ барыс НГ» кеспе зауытының директоры Александр Моисеенко.
      «Қазақстанның үздік тауары-2015» өңірлік байқауына биыл он үш өнім өндіруші кәсіпорын өтініш білдіріпті. Олардың ішінде сегізі байқауға алғаш рет қатысып отыр. Конкурс жылдағыдай негізгі үш аталым бойынша ұйымдастырылды.

Изображение 2 1253

 

Изображение 2 1237

 

Изображение 2 1244

 

Изображение 2 1256

       -Ең бастысы жеңіс емес. Бұл жерде отандық өнімдердің сапасын көтеруге аса мән беріп отырмыз. Сапа болған жерде сұраныс та жоғары. Өңірлік кезеңге өтудің өзі облыста белгілі бір сапаға қол жеткізгендігін білдіреді. Комиссия мүшелері өз істеріне аса жауапкершілікпен қарап,әр өтініш иесін мұқият сараптады. Мәселен, тауардың экспорттық әлеуеті қандай, жергілікті үлесі қанша, осының бәрі құжат жүзінде мұқият ескерілді,-деді «Атамекен» кәсіпкерлер Палатасы облыстық филиалы халықаралық қатынастар бөлімінің басшысы Роберт Юсупов.
       Сонымен, «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша жүлделі бірінші орынды Қостанайдағы арматура шығаратын «ЕуразКаспианСталь» кәсіпорыны жеңіп алды. Ал «Халық тұтынатын ең үздік тауарлар» аталымында «СарыАрқаАвтоПром» ЖШС-нің аты озды. «Ең үздік азық-түлік тауарлары» аталымы бойынша Рудныйдағы «Ақбарыс НГ» кеспе зауыты жеңімпаз деп танылды.

Изображение 2 1409

 

Изображение 2 1427

 

Изображение 2 1420

 

Изображение 2 1441

 

Изображение 2 1446

 
 
Айбек КӘДІРҰЛЫ
                        Суреттерді түсірген АЙБЕК ЖҮЗБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓