Шағын жобаның орасан нәтижесі
Қостанайда ішкі саясат және білім бөлімдерінің мамандарына арналған семинар өтті. Терең білімді болуы үшін, маңызды мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру көрінісі кең болуы үшін кездесуге Нұр-Сұлтан қаласының тарихшы, саясаттанушы, көптеген жылдар бойы Президент Әкімшілігінде, ғылыми-талдау құрылымдарында, ішкі саясат және идеология саласында жұмыс істеген Жанар Бұқанова арнайы шақырылды. Қазір ол «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты» "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты орталығының жетекшісі. Ол тұжырымдамалық бағыттарға сәйкес жобаларды жіктеуге егжей-тегжейлі тоқталып, келесі жылға арналған іске асырудың негізгі басымдықтары туралы айтты.
– Алғашқы сұхбатымды мен Қостанайда бердім, – деді Жанар Бұқанова, – Бұл 10 жыл бұрын болатын. Ол кезде мен партияның орталық аппаратындағы саяси жұмыс департаментінің директоры едім, қазір идеологиялық бағытта жұмыс істеймін. Жақында ғана Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы Қазақстандық "Рухани жаңғыру" қоғамдық даму институты құрылды. Біздің міндетіміз – бағдарлама туралы кеңінен насихаттау жағынан жаңа тәсілдерді әзірлеу. Біз өңірлерге барамыз, онда жазылым аламыз. Қостанай облысы да бағдарлама жүзеге асырылғалы бері жүйелі жұмыс істеп келе жатқан өңірлердің бірі. Мұнда, тіпті, 2020 жылға арналған қызықты жоспарлар баршылық. "Рухани жаңғыру" бағдарламасында көрініс тапқан барлық алты қағидат облыста өткізілген түрлі іс-шараларда өміршеңдігін тауып жатыр, – деді Ж.Бұқанова.
Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Зәуре Бәйменованың айтуынша, астаналық сарапшымен кездесуге "Рухани жаңғыру" бағдарламасының тұжырымдамалық негіздерін адамдар жадында жаңарту және оның құндылығын арттыру үшін басшылар емес, қарапайым мамандар арнайы шақырылып отыр.
– Ай сайын біздің басқарма елордаға есеп беріп, кері құжаттар алып тұрады. Ал "Рухани жаңғыру" бағдарламасының әрбір бағыты бойынша Қостанай облысы алдыңғы қатарда. Өзім басқарма басшысы ретінде әрқашан есебімде ең алдымен біздің облысымыздың артықшылығы бар жерлерін атап көрсетіп отырамын, – дейді З.Бәйменова.
Кездесуге қатысушылар да құр қол келмей, өздерінің әзірлеген жобаларын таныстырып жатты. Мәселен, Лисаков қалалық ішкі саясат бөлімінің «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Нұрлыбек Өнербеков спорттық воркаут (әуесқойларға далада жаттығуға арналған тренажерлер) алаңдар құрылысы бойынша жобаны жүзеге асырып жатқанын жеткізді. Бұл тұрғындардың саламатты өмір салтын ұстануына зор септігін тигізетініне сенімді. Жоба жетекшілері спортпен арнайы нысандарда ғана емес, далада да жаттығуға болатынын тәжірибе жүзінде көрсетсек, дейді.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ