289 отбасы көмектен қағылды

Қостанай облысында 289 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек төлемі тоқтатылды. Олар осы уақытқа дейін нақты табыстарын жасырып келген. 20190328182354_50210
Биыл 1 сәуірден бастап көпбалалы отбасыларға арналған атаулы әлеуметтік көмек туралы заң күшіне енген болатын. Соңғы уақытта ақшалай көмекті заңсыз алушылар туралы ақпарат кеңінен тарап, қоғамда дау тудырған мәселеге айналды. Қостанайда да осындай дерек анықталып отыр. Олар сәуір айынан бері нақты табыстарын жасырып, әлеуметтік қызмет мамандарын алдап келген. Енді қайта есептеулер барысында жанұялар мемлекетке 40 миллион теңге қайтарулары тиіс. Сондай-ақ, тұрмысы төмен отбасылар тізіміндегі 19 жеке кәсіпкер де мемлекет жәрдемінен айырылды. Жалпы, облыс орталығы бойынша атаулы әлеуметтік көмекке 3 мыңдай отбасы ие. Осы күнге дейін оларға 821 миллион теңге төленген.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓